ҚР Тәуелсіздігіне 27 жыл
14 желтоқсан күні сағат 14.00-де Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» атты мерекелік сазды бағдарлама өткізілді.
Іс-шараға қазақ,неміс, күрд ұлттық мәдени орталықтар қатысып, билерін тарту етті. Қала әкімі аппаратының бас маманы А.Табаев құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараға белсене қатысқандарды марапаттады. Шу қаласының ВИА «Парасат» тобы да жиналған көрерменге өз әндерін тарту етті. Соңынан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының сазды бағдарламасы берілді.