Бүгін:
kz ru

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау бойынша атқарылатын іс-шаралар

2018 жылдың 12 қазанында мәдениет үйінің бекітілген жылдық жоспарына сәйкес, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында, мәдениет қызметкерлері  Ақсу ауылдық округінің маңындағы «Баласағұн қалашығына» саяхат жасап қайтты. Саяхат барысында қалашықпен таныстырып, қысқаша мағлұмат берген ауыл азаматының айтуынша,  6-13 ғасырларда Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі қалашықтардың бірі болған Баласағұн қаласы Түрік қағанаты кезінде салынғанын, Түргеш қағанаты тұсында осы тайпаның саяси орталығы болғанын, ұлы тұлғалар Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари өмір сүріп, қызмет еткендері жайлы, білді. Сондай-ақ бұл тарихи нысан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілгенін біліп, қалашықтың орнын, патша мұнарасын, зындан, монша бөлмелерінің орындарын көріп, тарихымен танысып қайттық.

Осы саяхаттың ойдағыдай өтуіне Ақсу ауылдық округінің әкімі Т.Итекеев және ауылдық клуб меңгерушісі Б.Жұмабековтың да қосқан үлесі зор. Тарихты зерделеудің бір көрінісі болған «Баласағұн қалашығына» бір күндік саяхат өткенді ұмытпау, ата-бабаның жүріп өткен жолын еске түсірудің жарқын сәті болды десек, артық айтқандық болмас.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз