Бүгін:
kz ru

Рухани жаңғыру аясында іс-шара

2018 жылдың 28-ші қыркүйегінде сағат 11.30-да Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Рухани жаңғыру аясында «Менің қалам- мақтанышым» атты сазды бағдарлама  өткізілді. Іс-шараға Абай атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары және кітапханашы Гүлмира Қадірбекова мен мұғалімі Рада Мадатов қатысты.  Іс-шараны қалалық мәдениет үйінің мәдениет қызметкері Надира Болаева жүргізсе, Ертай Мылқыбаев, Нұрлан Тастанов, Ботагөз Бойдақова секілді мәдениет үйінің жезтаңдай әншілері ән-жырдан шашу шашты. «Өзіміздің жерімізді, отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін. – деп сөзін қорытындылады.

Сонымен бірге, іс-шараны ұйымдастыруға қалалық №1 кітапхананың кітапханашысы Л.Сұрабалдиеваның да еңбегі зор. Сазды бағдарламаның соңынан оқу шылар, қонақтар естелікке суретке түсіп, ризашылықтарын білдіре тарасты.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз