Бүгін:
kz ru

Қазақстан Халқы Тілдер күніне орай

2018 жылдың 5 қыркүйек күні сағат 11.00-де Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен №3 қалалық кітапхана ұжымы және №40 мектеп оқушыларының қатысуымен Қазақстан Халқы Тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты  іс-шара өткізілді. Іс-шараны қалалық мәдениет үйінің мәдениет қызметкері Марлен Азаматов жүргізді.

 Іс-шарада  Қазақстан журналистер Одағының  мүшесі, Шу қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын-сазгер Бақыт Ақышқызы жас буындарға адам үшін ең қажетті қасиеттің бірі өз ана тілін қадірлеу, қастерлеу керек екендігі туралы және  Ана тіліңді Отаныңдай, туған халқындай, ата-бабасындай сүйіп, қадірлеуге шақырды.Соңынан ата тілі туралы өлең шумағын оқыды.

Іс-шарада №40 мектептің 10 сынып  оқушылары Жуасбаева Нұрай, Мұхтар Аружан, Еркін Айгерім, Тұрлыбек Еңлік, Аділхан Аделя ана тілі туралы тақпақтарын оқып, соңынан мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы Айнұр Самбекова белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.  

Мәдениет үйінің әншілері Бахытжан Сатыбеков және Ботагөз Бойдақова әндерін тарту етті.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз