Бүгін:
kz ru

Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі - Астана» атты байқау

12 шілде күні сағат 15.00-де - Шу қалалық мәдениет үйінде Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі - Астана» атты Шу қаласы өнерпаздарының мәдениет пен өнер күндеріне арналған концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға Облыстық халық шығармашылығы орталығының бас редакторы Керімбаева Тамара Әбдікәрімқызы қатысып, Шу қаласының өнерпаздарына ризашылығын білдірді. Балалар шығармашылығы орталығының мұғалімі Шынтілеуова Гүлзираның шиден тоқылған бұйымдарына оң бағасын берді. Шу қаласындағы кітапхана ұжымдарының кітап көрмесі, балабақша ұжымдарының "Бесікке салу" рәсімдері, сонымен қатар Саз мектебі оқушыларының жергілікті күйші композитор Ә.Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйі және спорт мектебі оқушыларының спорттық ойындары да қонақтардың,халықтың көңілінен шықты.Қала әкімінің орынбасары Ж.Нұрғалиев конақтарды мерекемен құттықтап, іс-шараға қатысушы өнерпаздарға сәттілік тіледі. Соңы Шу қаласы өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.












 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз