Спорттық іс-шара
2018 жылдың 13 маусым күні Шу қаласындағы «Астана» балабақшасының тәрбиеленуші бүлдіршіндеріне Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Спорт-салауатты өмір серігі» атты көңілді старт спорттық жарысы өткізілді. Іс-шараны мәдениет үйінің жанынан құрылған "Рекорд" спорттық үйірмесінің жетекшісі Н.Амангелді жүргізіп, балаларға сценарий бойынша ойын түрлерінен жарыстар өткізді. соңынан бүлдіршіндерге ойыншықтар таратылды.

