1 маусым - Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар
Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Шу қаласының «Теміржолшылар» саябағында сағат 10.00-де 2018 жылдың 1 маусым күні – Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған «Балғын балалар – біздің болашағымыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Саябақтың ортасында жаздық сахна орналастырылып, тақырыптық билборд ілініп, сахнаға кілем дорожкалар төселінді. Іс-шараны мәдениет үйінің қызметкері Байжан Әбеков жүргізіп, мерекелік іс-шараға жиналған көпшілікпен амандасып, алғашқы құттықтау сөзді Шу қаласы әкімінің орынбасары Ж.Нұрғалиев көрермендерді құттықтады. Және қала әкімшілігі атынан балаларға тегін балмұздақ таратылды.
Мәдениет үйінің әншілері және мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткізілген «Айгөлек» байқауының жеңімпаздарының концерті ұсынылды.
Соңынан байқаудың жеңімпаздары марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, сағат 13.00-де 1 маусым - Халықаралық Балаларды қорғау күніне бүлдіршіндерге арналған «Шу қаған» халық театрының «Ер көжек» атты ертегісі сахналанды.









