Бүгін:
kz ru

Қазақтың ұлттық салт дәстүрі

Ағымдағы жылдың 16- сәуірінде сағат 17.00-де  Шу қалалық мәдениет үйінде  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау аясында Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  Ұлттық рухымызды жаңғырту мақсатында  «Салт дәстүрім- қазынам» атты қазақтың салт-дәстүрінен   Беташар рәсімін сахналады. Қойылымды мектеп оқушылары мен ұстаздары және мәдениет қызметкерлері тамашалады.

  Іс шараның мақсаты:  Ұлттық құндылықтар- дәстүрлерімізден қазіргі таңдағы маңыздылығын меңгерте отырып, жас ұрпақты рухани құндылықты қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Сондай-ақ, атадан балаға қаймағы бұзылмай жеткен салт- дәстүрлерімізді саф күйінде келер ұрпаққа жеткізуге жетелеу.  Қалалық мәдениет үйінің директоры Е.Азаматов «Бұл - ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту болып табылады» - деп көрермендерге айтып өтті.




 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз