Бүгін:
kz ru

Рухани жаңғыру

2018 жылдың  14 наурызында сағат 11.00-де  Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасының  «Туған жер – туған ел» базалық бағыты аясында «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы» атты  Шу қаласының құрметті азаматтарымен кездесу ұйымдастырылып  өткізіледі. Іс-шараның мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Әр оқушынының бойында патриоттық сезімін ояту.

Іс-шараға Шу қаласының құрметті азаматтары Расилов Тамаша , Отарбаев Қалибек , Абишев Тоқтағұл   және С.Сейфуллин мектебінің оқушылары, № 3 қалалық кітапхана ұжымы қатысты.  Сценарий бойынша іс-шараны қалалық мәдениет үйінің мәдени қызметкері Б.Әбеков жүргізіп, алғашқы сөзді  Шу ауданының құрметті азаматы  - Т.Расилов ағайға берді.    

 Биылғы Ұлт Көшбасшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жастарға арналғаны анық. Өйткені, болашақ – жастардың қолында. Қоғамдық сананы жаңғырудың басты басымдығы ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы екендігі сөзсіз. Бұл ретте өзіміздің бірегейлігімізді, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтауға тиіспіз. Отаныңды сүймей салт-дәстүріңді сақтай алмайтындығыңды да жете түсінген жөн», – деп өз сөзін аяқтады. Кездесуде мақаладан туындайтын міндеттер түсіндіріліп, бірлікті, тұрақтылықты сақтауға атсалысуға шақырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау насихатталды.

Мәдениет қызметкері Е.Мылқыбаев: «Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ  сіздерсіздер « - деп, оқушыларға өз ойын айтты.

Қалалық мәдениет үйінің директоры Е.Азаматов  келген қонақтарға  рахметін айтып,  сый-сыяпатын тапсырса, мәдениет үйінің әншілері әндерін тарту етті.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз