Бүгін:

Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-шара

2 ақпан – Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен №3 қалалық кітапханасында  “Қазақстанда тыйым салынған діни бірлестіктер” атты мектеп оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараға С.Сейфуллин мектебінің оқушылары шақырылды.

Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларға тыйым салынған экстремистік ұйымдардың көздеген мақсаттарын ашып көрсету және соларға тыйым салынған заңдармен таныстыру.  Оқушылардың діни сауатын аша отырып, ізденуге дағдылау және ораторлық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар жас ұрпақты имандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу болып табылады. іс-шараның соңында қалалық мәдениет үйінің әншілері әндерін тарту етті.


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз