Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай өткізілген іс-шара
14 желтоқсан күні - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай «Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте!» атты мерекелік сазды бағдарлама Шу қалалық мәдениет үйінде өткізілді. Шу қаласының әкімі Б.Тұрғымбаев жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, әр мекемеге «Алғыс хат» тапсырды.Соңынан Шу қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының сазды бағдарламасы берілді. Әсіресе, Бірлік ауылының М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің "Көркем-ай" бишілер тобына, жетекшісі Кульбекова Жазира Карибаевнаның дайындауымен билеген билеріне жиналған көпшілік ризалықтарын білдірді.










