Бүгін:
kz ru

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні

 12 желтоқсан күні – Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету мақсатындағы  «Туған жер» бағдарламасы аясында  «Тәуелсіз елдің ұланымын!» атты патриоттық ән байқауы өткізілді. Байқауға  қала мектептерінен 12 үміткер қатысты.  Әділқазылар алқасының шешімімен І-ші орынды М.Мақатаев атындағы шағын орталықты Тірек орта мектебінің  5 «б» сынып оқушысы Бодаубек Назерке иеленсе, ІІ-орынды А.С.Макаренко мектебінің оқушысы Ерболат Алуа және  М.Мақатаев атындағы шағын орталықты Тірек орта мектебінің  5 «в» сынып оқушысы  Абдахметова Маржан, ІІІ-орынды  А.С.Макаренко мектебінің оқушысы  Абдиева Аяжан және М.Мақатаев атындағы шағын орталықты Тірек орта мектебінің  оқушылары Хамзаева Аяулым, Байтұрсын Арай иеленіп, арнайы сыйлықтармен және мадақтамамен марапатталса, қалған  қатысушы үміткерлер белсене қатысқаны үшін марапатталды.



 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз