Қарттар күніне іс-шара
2017 жылдың 29 қыркүйегінде Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 1 қазан - Қарттар күніне орай "Қарттарын қадірлеген - ел ардақты" атты мерекелік концерт өткізілді. Іс-шарада Шу ауданы әкімі Б.Тұрғымбаев және ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Қарғабаев сөз сойлеп, соңынан мәдениет үйінің өнерпаздары ән-жырдан шашу шашса, "Көркем-ай" бишілер тобы билерін тарту етті.


















