Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы
2017 9 қыркүйек күні Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен № 40 мектептің ауласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қолдауға арналған «Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол!» атты Флешмоб өткізілді. Алғашқы сөзді №40 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бүйенбаева Айжан Әділқызы сөйлеп, жастарға Елбасының бағдарламасын кеңінен жарнамалап, жастар арасында насихаттауға және жастарды өз елінің патриотты болуға шақырды. Соңынан Шу қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары Ұ.Мырзақұлова, Б.Әбеков, Т.Алтыбаев сынды өнерпаздары жастарға патриоттық әндер тарту етті.




