ҚР Конституциясы күні
Қазақстан Республикасы Конституциясының 22 жылдық мерекесіне арналған Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Айбары асқақ Ата заң» атты мерекелік концерт, соңынан жастар би кеші ұйымдастырылып өткізілді. Қала тұрғындарына мәдениет үйінің өнерпаздары әндері мен билерін тарту етті. Соңынан мерекелік от шашу берілді.




