«Сәбидің күлкісі – әлемнің сыңғыры» атты мерекелік іс-шара
2017 жылдың 1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған «Сәбидің күлкісі – әлемнің сыңғыры» атты мерекелік іс-шара Шу қаласының «Теміржолщылар» саябағында өткізілді. Іс-шараға Шу қаласының тұрғындары, қонақтары, бүлдіршіндер қатысты. Сценарий бойынша балалар күніне орай өткізілген «Айгөлек» өнер байқауының жеңімпаздарының сазды бағдарламасы беріліп, соңынан 7 қатысушы жүлделі орындармен және 9 қатысушы белсене қатысқаны үшін сыйлықтармен марапатталды.
Саябақтың бір шетінде білім бөлімінің «Балалар шығармашылық орталығының» ұйымдастырумен асфальтқа сурет салу байқауы, плакатқа сурет салу байқаулары өткізіліп, іс-шараның соңында жеңімпаздарды марапаттады. Саябақтың ішінде сауда-саттық ұйымдастырылды. Шу қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары сазды бағдарламасын ұсынды.








