"Бала тәрбиесі және жастардың дінге құштарлығы" атты іс-шара
«Ұрпақ тәрбиелі болса, сол ұлттың болашығы да жарқын болмақ» - демекші, «Баланы жастан» деп халқымыз бала тәрбиесін әріден бастау керектігін де айтып кеткен. Ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, ойлау қабілетін шыңдау, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында 13 қаңтар күні Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты Шу қалалық мәдениет үйі "Бала тәрбиесі және жастардың дінге құштарлығы" атты іс-шараны онлайн режимде ұйымдастырып өткізді. Іс-шараны қалалық мәдениет үйінің қосалқы құрам әртісі Н.Амангелді Шу қаласы Орталық мешітінің бас имамы Қуат Үрпековпен сұхбат ретінде жүргізді.
https://www.facebook.com/profile.php?id=100017818630488