Бүгін:
kz ru

"Өмір қауіпсіздігі" атты онлайн іс-шара

Төтенше жағдайларда іс-қимылдарды ұйымдастырудағы  үгіт-насихаттауды күшейту,  апат оқиғаларында өздеріне , төңіректегілерге жәрдем көрсетуге үйретудің қарапайым жолдарын меңгеру, өрттен , судан , жер сілкінісі кезінде , боранда  зардап шегушілерге қамқорлық жасап,  жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету жолдарын халыққа түсіндіру мақсатында, 29 шілде күні Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Өмір қауіпсіздігі» атты онлайн іс-шара тікелей эфирде өткізілді.

         Іс-шараға  қонаққа Шу ауданы ТЖБ бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау капитаны  Есқараев Нұржан Нұрланұлы арнайы шақырылып, әлеуметтік желі пайдаланушыларының сұрақтарына жауап берсе, мәдениет үйінің директоры Іңкәрбеков Нұрболат Сейітқазыұлы өмір қауіпсіздігін  сақтау негіздерін, әр азамат білуі керектігін және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білуіміз керектігін айтып өтті.

         Азаматтық қорғау капитаны  Есқараев Нұржан Нұрланұлы осындай іс-шаралардың жиі өтуіне және бүгінгі іс-шараға ризашылығын айта өз ойын ортаға салды.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз