Бүгін:
kz ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты  онлайн іс-шараҰлт көшбасшысы Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында адами капиталдың сапасын жақсарту жөнінде айтылған.Адами капитал - ол адами құндылық, еңбек адалдығы, басқа да жақсы қасиеттердің жиынтығы. Ал рухани құндылығы басым адамның ешқашан жаман әрекеттерге бармайтыны айтпаса да түсінікті. Сондай жаман әрекеттің бірі – жемқорлық екені белгілі.Сыбайлас жемқорлық — заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.Осы  мақсатта  Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  2020 жылдың 23 шілде күні, қазіргі карантин талабына сәйкес,  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» іс-шара жоспарына орай «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты  онлайн іс-шара тікелей эфирде жүргізілді.Іс-шараны модератор ретінде  «Шу –адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі , Шу ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері штаттан тыс кеңесшісі Ақберген Талғат Бейсенханұлы жүргізіп, Шу қалалық мәдениет үйінің директоры Іңкәрбеков Нұрболат Сейітқазыұлы онлайн көрермендерінің сұрақтарына жауап беріп, мекемеде атқарылған жұмыстарды атап өтті. «Алмақтың да, салмағы бар. Жемқорлықтың жемі ас болмай, түбі қорлықта қалатындығын замандастарым білсе деймін. Қорыта айтқанда, алдымен адам боп қалайық, ал заман өздігінен түзеледі. Мақала тақырыбы айтқандай, «Жемқор» дейтін ауыр аттан аулақ жүрейік, ағайын!» -деп сөзін аяқтады.
 















22Маржан Копбосынова, Шу Аудандық Орталық Кітапхана и ещё 20

Комментарии: 4




НравитсяКомментироватьПоделиться





Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз