Бүгін:
kz ru

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

12 ақпан күні сағат 11.00-де Шу қалалық мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруымен жастарымызға өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу,  патриоттық тәрбие беру мақсатында  «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман, тек сенен есте қалған»    атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Іс-шараға жерлестеріміз, ауған соғысының ардагерлері Тұрысбаев Мұрат Рзаханұлы, Молдамұратов Нұрғиса Көбенұлы,  Асанов Бауыржан  Серікұлы және С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушылары арнайы шақырылды. Іс-шараны мәдениет үйінің мәдениет қызметкері Нұржан Амангелді жүргізіп,іс-шараны бастамас бұрын, Ауған соғысында қаза болған жерлестеріміздің рухына арнап құран оқып, дұға бағыштады. С.Сейфуллин мектебінің оқушылары өлең шумақтарын оқыды.

         Сценарий бойынша Ауған соғысы ардагерлері сөз сөйлеп, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, Ауған соғысы ардагерлері осындай іс-шараны ұйымдастырып отырған қалалық мәдениет үйі ұжымына рахметтерін, алғысын айтты. Мәдениет үйінің директоры Нұрболат Инкарбеков ардагерлерді мерекесімен құттықтап, сый-сыяпаттарын табыстады сонымен қатар мектеп оқушыларына белсене қатысқаны үшін грамоталар табыстады. Мәдениет үйінің жезтаңдай әншілері Бойдақова Ботагөз, Мырзақұлова Ұлбосын, Алтыбаев Талғат  және музыкамен қамтамасыз еткен Қуаныш Бөекйұлына көрермендер ризашылықпен рахметтерін айтты. С.Сейфуллин атындағы директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Айтқұлова Меруерт Жұмаділқызына да рахметімізді айта отырып, іс-шарамыз аяқталды.

   
 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз