Бүгін:
kz ru

Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

            Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.

         Осы мақсатта Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  07 ақпан күні сағат 10.00-де мәдениет қызметкерлері және оқушылардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы» атты  іс-шара өткізілді. Іс-шарамыздың мақсаты жастарды  адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету.  Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу болып табылады.

         Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, барша әлемге танылдық, мемлекетіміздің тамыры тереңге тарап, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданды, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайымыз түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнымызды айқындадық.

         Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойдық. Ол жол – Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы екендігі қатысушыларға түсіндіріліп айтылды.




 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз