Бүгін:
kz ru

Байқау

2019 жылдың 12 желтоқсан күні сағат 15.00-де  Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігі мерекесіне орай  «Менің елім!» атты патриоттық ән байқауы өткізілді. Байқауға 14 үміткер қатысты. Байқаудың мақсаты жастарға патриоттық тәрбие беру және олардың отаншылдық сезімдерін , қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, вокалдық өнерін дәріптеуге және өнерге деген құштарлығын арттыру болып табылады. Байқау шарты бойынша оқушылар «Отан», «Туған жер»,  «Қазақстан» тақырыбында ән шырқады.

         Өнер додасында қазылар алқасы үміткерлердің орындау шеберлігіне, дауыс диапазонына және әннің байқау шартына сәйкестігіне мән берді.       Музыкалық өңдеуі мен ән мәтінінің мазмұндылығына, орындаушылардың сахна мәдениеті мен киім үлгілеріне де көңіл бөлінді. Сонымен қатар мүмкіндігінше бұрын орындалмаған жаңа әнге назар аударды. Әділқазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені М.Мақатаев  атындағы шағын орталықты Тірек орта мектебінің оқушысы Ақылбекұлы Әділ, І-ші орынды М.Мақатаев  атындағы шағын орталықты Тірек орта мектебінің оқушысы Бодаубек Назерке Айбатқызы, ІІ-ші орынды «Жаңа жол» ауылының «Б.Момышұлы» атындағы орта мектебінің оқушысы Тұрғынбай Ернұр, ІІІ-ші орынды Ақсу ауылының «Ж.Баласағұни»атындағы орта мектебінің оқушысы Өнербай Амина иеленсе, қалған қатысушылар Белсене қатысқаны үшін дипломдармен,барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен 

марапатталды. 


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз