9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні
9 мамыр – Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған іс-шаралар Шу қаласында да атап өткізілді. Атап айтар болсақ, Шу қаласының Т.Рысқұлов алаңындағы «Ұлы Отан соғысы құрбандарының» ескерткішіне және Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз Сәду Шәкіровтың ескерткішіне гүл қою рәсімдеріне аудан, қала әкімдері, мекеме басшылары қатысты.