"Шу қаған" халық театры
Қайырымдылық ісіңнен көрінеді, дейді қазақ. Қайырымдылық - асыл қасиет. Соңғы жылдары елімізде түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандар саны артып келеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», демекші, оларға ақпараттық қолдау білдіріп, демеп отырудың маңызы зор. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан да қайырымдылықты қолдауға көп көңіл бөлініп отыр. Балалардың көңілін көтеру мақсатында, 4 желтоқсан күні – ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай «Шу қаған» халық театры ұжымы Шу аудандық «Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының» тәрбиеленушілеріне тегін «Аю мен көжектер» ертегісін сахналап қайтты. Бүлдіршіндер әр кейіпкерге жанашарлықпен қарап, ризалықтарын білдірді.Соңынан естелікке суретке түсті. Орталықтың басшысы А.Салмарбекова және қызметкерлері орталықтың әдіскері Амангелді Жансая Ержанқызы және психолог маман Тельжігітова Айгүл Алпысбайқызы орталықтың музыканты Сатыбеков Бахытжан Қалдыбайұлы театр әртістеріне осындай қызықты ертегілермен тағы да келсе деп, ризалықтарын білдіре тарасты.



