Бүгін:
kz ru

«Елбасы – ел тірегі»

27 қараша күні - №3 қалалық кітапханада теміржол колледжінің білімгерлерінің қатысуымен  ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай  «Елбасы – ел тірегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Н.Ә.Назарбаевтың – Адам, Отанға, Азамат, Президент ретінде негізгі жеке қадір-қасиеттерін ашу, Қазақстанның алғашқы Президентінің рөлін нақты мысал ретінде көрсету,Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

          Іс-шарада Елбасының қарапайым металлургтен басталған еңбек жолы мен ел басқарудағы сындарлы саясаты туралы баяндама оқылды.

         Білімгерлер  өз пікірілерінде Президент - мәртебелі, аса өнегелі,көреген адам және т.б. жеке қасиеттерімен ерекшеленетіндігін мысалға келтіріп, іс-шараға ат салыса отырды.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз