Бүгін:
kz ru

«Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі” аясында «Ұлттық қолөнер – эстетикалық тәрбие негізі және қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарының маңыздылығы»

Шу қалалық мәдениет ұйымдастыруымен, 2019 жылдың 21 қарашасы күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру мақсатындағы арнайы жоба «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі” аясында «Ұлттық қолөнер – эстетикалық тәрбие негізі және қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарының маңыздылығы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылып, оқушыларға көрсетілді. Осы көрме арқылы өсіп келе жатқан ұрпаққа тарихи салт-дәстүрімізді насихаттау, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін, құрмет сезімдерін ояту. Көрмені  №40 шағын мектеп – лицейінің 8 «А» сынып оқушылары мен көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мұражанова Дәметкен Ділтаевна келіп тамашалады.. Өнер» мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тулешева Салтанат Ыдышқызы және суретші – безендіруші Малдыбаев Бақытжан оқушыларды  өз туындыларымен және қолөнер жұмыстарымен таныстырып шықты.  Іс – шара соңында Т.С.Ыдышқызы «Шу қалалық мәдениет үйінің«Жастармен жұмыс жасау» бөлімінің бөлім меңгерушісі Копбосынова Маржан Амангелдиевнаға және көркемдік жетекшісі А.Самбековаға өз алғысын білдіріп, осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырып, келіп тұруларын сұрады.
 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз