«Латын әліпбиіне көшу- Қазақстанның дамуының жаңа кезеңдері»
Ғаламдық дамудың жаңа дәуірінде латын әліпбиіне көшу уақыт талабы болып отыр. Латын қарпі – болашақтың кілті десек, ал оған көшу еліміз үшін аса маңызды кезеңдердің бірі болатыны ақиқат. Латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.
Осы орайда, Шу қалалық мәдениет үйінің бекітілген жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 6 қарашасы күні «Латын әліпбиіне көшу- Қазақстанның дамуының жаңа кезеңдері» тақырыбында мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өткізілді.