Бүгін:
kz ru

10 қазан - Мүгедектер күніне орай «Жан шуағы» атты қайырымдылық сазды бағдарламаласы

Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ!
Бар байлығымыз, бақытымыз – бала. Өмірдің гүлі де солар. Ұрпақ өсір, мәпеле, аяла. Өйткені бақытымыздың баяндылығы да балалармен өлшенбек. «Бала - өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің қоғамыздың жанашыр адамдары көптеген игілікті істер атқаруда.
10 қазан - Мүгедектер күніне орай 2019 жылдың 16 қазаны күні Шу қалалық мәдениет үйі «Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығына» барып балаларды мейрамдарымен құттықтап, «Жан шуағы» атты қайырымдылық сазды бағдарламаларын тарту етті.
Аялы алақанында әлпештеп, жүрек жылуымен әр балаға сенім мен адалдықтың нұрын ұялата білген «Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының» директоры Салмарбекова Ақмарал Қазбековна мәдениет үйінің ұжымына алғысын білдірсе, мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Самбекова Айнұр балаларға сый-сыяпатарын табыстады. Сонымен қатар осы іс-шараның өткізілуіне ұйытқы болған орталықтың әдіскері Амангелді Жансая Ержанқызына және психолог маман Тельжігітова Айгүл Алпысбайқызына, орталықтың музыканты Сатыбеков Бахытжан Қалдыбайұлына ризашылығымызды білдіре, тарастық.
   

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз