1мамыр-Қазақстан халық Бірлігі күні мерекесіне арналған «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан-Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара.
1мамыр-Қазақстан халық Бірлігі күні мерекесіне арналған «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан-Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара.
Ұлысты ұйытқан күн!
Ата-бабамыз ғасырлар бойы бақытты ел болуға талпынды. Азаттықты аңсап, тәуелсіздікті, теңдікті, елдікті көкседі. Сан жылдық аласапыран шайқас, күрес, қақтығыстардан арылып, татулықтың туы желбіреген бейбіт ел болуды армандады. Соның бәрін артқа тастап, тәуелсіздік таңына талып жеткен қазақ елі бүгінде бейбітшілік бесігінде тербеліп отыр десек артық емес.
«Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол-бірлік». Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет.
«Бірлік бар жерде, тірлік бар» демекші, бұл жолда да ел тұтастығы мен татулығының ықпалы мол. Қазақстанның қарымды қадамы қарыштап, бедел-абыройы шарықтап, шаңырағы шайқалмай, өзгелерден тайсалмай, теңдігі мен тұрақтылығының баянды болғаны-осы бірліктің арқасы.
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мереке Елбасымыздың 1996 жылы қабылдаған Жарлығы бойынша жыл сайын тойланып келеді. 130-дан астам түрлі ұлт өкілдері мен ұлыстары тату-тәтті тұратын еліміз үшін айтулы күннің маңызы зор.
Сондықтан да ынтымағы мен бірлігі жарасқан, татулықтың тірегі болған Қазақстанда барлық ұлт өкілдері бұл күнді ерекше атап өтеді.
Отыздан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері жарасымды бірлікте ғұмыр кешкен аудан тұрғындары үшін бұл мерекенің маңызы терең, мәні бөлек. Бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай табысып, еңбекке бірге жұмылып, қуаныш-қайғыны бірге бөліскен тату халқымыз. Осыған Сарысу ауданы аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Рыспанов Ғалымжан Байтуғанұлы және аудандық мәдениет үйінің директоры Сманқұлова Жұмакүл Якудақызы бастамасымен Жаңатас қаласында орталық алаңда 1 мамыр-Қазақстан халқы Бірлігі күні мерекесіне арналған «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан-Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті.Орталық алаң мерекеге сай безендіріліп, түрлі түсті шарлармен көмкерілген.«Қазақстан халқы Бірлігі күні жасасын!», «1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күні!» тақырыбымен билбордтар ілінген Мереке шымылдығы ««Айжанқыз» халықтық би ұжымының орындауындағы «Гүлдер вальсі» биімен ашылды.Ауа райы да осы күні жадырап, көпұлтты халықтың пейіліндей, жүрегіндей жарқырап, көктен күн нұрын төгіп тұрды.1 мамыр-Қазақстан халқы Бірлігі күні мерекесіне арналған халықтар достығы шеруін Орыс ұлтының өкілдері бастады. Сонан соң алаңға Кавказ, Татар, Күрді, Өзбек, Кәріс, Неміс, Шотланд ұлтының өкілдері өздерінің ұлттық киімдерімен, ұлттық болмыстарымен келіп, сап түзей жарасымды орын алды. Аудандық мәдениет үйі әншілерінің орындауында «Туған ел» квартеті халық назарына ұсынылды.«Айжан қыз» би ұжымы «Достық»композициясын көрсетті. Әр ұлт өкілдері билерін, әндерін көпшілікке тарту етті. Сондай-ақ, аудан спортшылары да мерекеден шет қалмай қазақша күрес, бокс, волейбол, каратэ спорт түрлерінен үзінді қойылымдар көрсетті.
Мерекесімен құттықтау үшін аудан басшысы Балабек Жанбекұлы Нарбаев сахна төрінен орын алып, аудан жұртшылығын жақсылығы жарқын, шуағы мол бірлік мерекесімен құттықтады. Мерекелік іс-шара «Әрқашан күн сөнбесін» бүлдіршіндер тобының орындауында жалғасын тапты. Ән орындалып жатқанда, алаңға үлкен жер шары әкелініп, ән соңында түрлі-түсті шарлар ұшырылды. Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінің жезтаңдай әншілері «Туған жер», «Қазақстаным!», «Отаным» атты тыңдаушыларын отансүйгіштікке, туған жерін қадірлеуге шақыратын патриоттық әндер шырқап, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлай білді.