Бүгін:
kz ru

«Атадан мал қалғанша тал қалсын»

«Атадан мал қалғанша тал қалсын»

Елбасымыз Нұрсылтан Назарбаев «Тәуелсіз Қазақстан Болашақта  гүлденіп, көркейген жасыл желекті елге айналады»,- деген болатын. Осы орайда көптеген жұмыстар жүргізіліп келе жатканы көңілге қуаныш ұялатады. Жыл сайын ұйымдастырылатын тазалық күнінде қаланы күл-қоқыстан тазартып,жол жиектерін, арықтар қыстан қалған  қоқыстардан тазаланып, тал-дарақтар әктеліп көшеттер отырғызу дәстүрге айналған. Биылда сенбілікте тазалық жұмыстары өз деңгейінде өткізілуде.Өткен сенбіде «22 сәуір бүкіл Қазақстандық тал отырғызу күніне байланысты» акциясына Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесінің қызметкерлері белсене ат салысты. Акцияға өз үлестерін қосып қолдарына күрек, шелек алып тал отырғызып, кейнгі ұрпаққа өздерінің үлгі-өнегесін көрсете білді. «Бабалар  еккен шынарды балалары саялайды» демекші отырғызған жасыл желектеріміз тез жерсініп, балғындарымыз мақтанышпен айта жүріп саясында емін-еркін асыр салып ойнауы біз үшін үлкен қуаныш. Ағаштарды егіп  қана қоймай, оларды өз дәрежесіне жеткенге дейін кемінде үш жыл бойы толықтыру,күтім,қорғау жұмыстарын орындап отыруымыз қажет.Жалпы жасыл белдеу бағдарламасы аясында аудандық мәдениет үйі қызметкерлері 150 түп тал екті.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз