Бүгін:

" БІЗ ЕКЕУМІЗ-БІР ӘЛЕМ!" 15 Сәуір –Қозы Корпеш пен Баян сұлу күніне арналған іс-шара.

                                                                         Қозы Көрпеш пен Баяндай...

15  Сәуір –Қозы Корпеш  пен Баян сұлу күні. Әулие Валентинге табынып, әспептеген жастарымызға қайтарым болған ғашықтар күні, бұл елімізде соңғы жылдары дәл осы күн тұрақты түрде жастар арасында аталып келеді. Осы мерекеге орай аудандық мәдениет үйі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесе отырып. Мектеп оқушылары мен колледж білімгерлері арасында «Біз екеуміз - бір әлем» атты жарасымды жұптар сайысы өткізді. Үміткерлер қатарында аудандық аурухананың жас қызметкерлері де бақтарын сынады. Қатысушылар сайыста  «Таныстыру», «Мені жақсы білесің бе?», «Құпия сайыс», «Үй тапсырмасы» сынды кезеңдерден сынға түсті. Өз өнерлерін көрсеткен  жұптар махаббатың символы болған ғашықтар туралы сахналық көріністер көрсетіп, әуелете әндермен, заманауи үлгідегі билермен сахнаның шырайын келтіріп көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Тартысты өткен сайыста «Өнерлі жұп» номинациясымен Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясынан Н.Мұратұлы мен Ә.Құдайбергенов және «Жарасымды жұп» номинациясымен Жаңатас көпсалалы колледжінен қатысқан С.Қанат пен А.Бекбергендер танылды. Жүлделі шінші орынды Абылай хан атындағы орта мектебінн А.Шүкірбек пен З.Абдраман және сайыс қонақтары болып келген орталық аурухананың жа мамандары А.Аханов пен Ж.Абдилазиз өзара бөлісті.Екінші орынды  №5 Жаңатас колледжінің білімгерлері Е.Әуесбеков пен А.Анартай иеленсе, сайыстың жеңімпазы болып 1-ші орынды М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының намысын қорғаған Н.Шегетай мен А.Совет қанжыларына байлап қайтты.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен мен бағалы сыйлықтар табысталды.









 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз