Бүгін:
kz ru

«Тың төсіне дүбір енді»

«Тың төсіне дүбір енді»

 

         Күн көзі жылынып,көктем шығысымен қат-қабат науқандық жұмыстары өріс алды. Қой қоздап, қорада шу басталып,төскей төлге толса,егіс алқаптарында еселі еңбек ұстаның көрігіндей қызып дала төсі дүбіргі бөленеді. «Елде болса ерніңе тиеді» демекші бұл қоңыр күзге халықтың қамбасына түсетін ырыс-даулеттің бүгінгі қамы. Бүгінгі 2017 жылдың өнімі үшін, көктемгі дала жұмыстарының басталуына орай Түркістан ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарының және  аудандық мәдениет үйінің қатысуымен  жиын өтті. Қазақ атамыз айтқандай батамен ел көгереді,жаңбырмен жер көгереді. Өткен жиынның мақсаты ауданның әл-ауқаты мен экономикасын өркендету үшін мол өнім алып,үлкен жұмысты бастау алдында ауыл қарияларының батасын алу. Аудандық мәдениет үйінің жүргізушісі Ғалымжан Тезекбаев бастапқы сөзді аудан әкімі Нарбаев Балабек Жанбекұлына берді. Өз сөзінде аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қосып жүрген еңбешілерге және барлық аграрлық саланың қызметкерлеріне жасаған еңбектеріне табыс тілеп, ауылшаруашылығы қашанда ел экономикасын алға сүйрейтін саланың бірі екенің айттып өтті. Іс-шара барасында аудандық мәдениет үйінің жезтаңдай әншілері «Туған жер», «Қазағым», «Қырманға кел қалқатай» әндерін тамылжыта шырқап,ауыл еңбеккерлеріне ерекше көңіл-күй сыйлады.









 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз