8-наурыз ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «КӨКТЕМ АРУЫ» атты кішкентай бүлдіршіндер арасында байқау өткізілді.
САРЫСУ ауданы аудандық мәдениет үйіне қарасты ЖАҢААРЫҚ ауылдық клубында және «ҚАРЛЫҒАШ» бала-бақшасының бірлесе ұйымдастыруымен 8-наурыз ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «КӨКТЕМ АРУЫ» атты кішкентай бүлдіршіндер арасында байқау өткізілді.
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Байқауға қатысушылар үй жұмысы тапсырмасы бойынша аналарымен бірге ұйымдастырған болса, қалған барлық сайыста өз күштерімен бақ сынасты.
Әр түрлі номинация бойынша ортаға шыққан кішкентай бүлдіршіндер көрермендердің ықыласына бөленіп,барша өнерлерін ортаға салды.
БАЙҚАУ 5-НОМИНАЦИЯ бойынша өткізілді.
1. Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс - тұрысы сынға түседі.
2. «Өнерлі өрге жүзеді» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(ән айту, би билеу, ертегіден үзінді т. б. өнерлерін көрсетуге болады.)
3. «Қол өнер» Ару қыздарымыз бен аналарымен бірге түрлі - түсті қағаздардан өз қиялдарынан шеберлік таныту бойынша.
4. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін көрсету.
5. «Дәм - думан». Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау.