Бүгін:
kz ru

ЖАС МАМАН -2019

САРЫСУ ауданы Тоғызкент ауылдық клубында Жастар ресурсттық орталығының бірлесе ұйымдастырумен «ЖАС МАМАН-2019» байқауы өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты ауылға келген жас  мамандардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу болып табылады.

. “Сәлемдесу” кезеңі бойынша қатысушылар көрерменге өзін — өзі таныстырып, шығармашылықтың көрінісін айқындады. Барлығы осы турда “өнерін, білімін, интеллектісін” көрсетуге тырысты. Бұл кезең сонымен қатар сайыста жағымды атмосфераның қалыптасып, ортаны ізгілендіруге ықпал етті. Сұрақ-жауап кезеңінде тапсырмалар қатысушылардың жалпы эрудициясы, кәсібилігі, педагогикалық, психологиялық жағдаяттарды шешуі, сондай-ақ тұлғалық мәнді сапалары сияқты әртүрлі қырларын көрсетуге бағытталды. Сайысқа қатысушылар үшін нағыз білім көтеру кезеңі болды деуге болады. Шығармашылық кезеңінде өз ісінің шеберлері, талантты жастарымыз сахнада өз өнерлерін аспапта ойнау, тамылжыта ән салу, мың бұрала билеу, сахналық көрініс қою жалпы өнер көрсету формаларын айшықты етіп көрсете білді. Жас мамандарымздың әртістік қасиетін танытқан кезең болды. Іс шара соңында қатысқан үміткерлер алғыс хаттармен марапатталып,сыйлықтарға ие болды





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз