Бүгін:
kz ru

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жарыс өткізілді.

САРЫСУ ауданы аудандық мәдениет үйіне қарасты МАЯТАС ауылдық клубында 1 НАУРЫЗ «АЛҒЫС АЙТУ» мерекесіне орай

ӘЙТЕКЕ БИ мектебі, ҚЫЗЫЛДИХАН МЕКТЕБІ, ДОНДА СЕНБИН ОРТА мектептерінің оқушылары арасында ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН жарыс өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету. Оқушыларға тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой-өрісін толық дамыту және ұқыптылыққа өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатынзияткерлік  интеллектуалдықойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды.  Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.

ЕРЕЖЕСІ: Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.





 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз