Бүгін:

«Жүрегіңе мейірім тұнған қазағым»

Сарысу ауданы Саудакент ауылдық мәдениет үйі және кітапхана ұжымының бірлесе ұйымдастыруымен «Құрметтің ең биігі – алғыс !» және «Жүрегіңе мейірім тұнған қазағым» атты ризашылық күніне арналған мерекелік іс шара өтті.

Алғыс айту күні — Елбасы басшылығымен қиындықтарды бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін һәм тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні.

Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бұл - Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, Мәңгілік Елдің бүгініне және Болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенімі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні - бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының жарқын көрінісіне айналды. Алғысқа бөлене беріңіздер! Ауызбіршілік болсын! Көңілімізді кір шалмасын! Бармақтай бақ, шаш-етектен дәулет берсін! Айымыз оңыңнан, күніміз солынан тусын! От басы, ошақ қасы аман болсын! Дастарқанымызға береке берсін! Алладан рақым болсын! Көйлегіміз көк, көңіліміз тоқ болсын! Мерейіміз үстем болсын! Бүгінгі таңда бұл мереке – барлық қазақстандықтар үшін қайырымдылықтың, достық пен бірліктің жарқын үлгісі, ел азаматтарының ынтымағын арттыруға ықпал ететін мереке.
Директор:Жақсыпейлов Ғазиз
Әдіскер:Сәрсекеева Гүлсағат










 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз