«Алғысым шексіз – Қазағым!»
1 Наурыз - Алғыс айту күні мерекесі Сарысу ауданында жоғарғы деңгейде аталып өтті. «Алғысым шексіз – Қазағым!» атты мерекелік іс-шараны алғашқы ашылуын аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырумен Мәлік Отарбаевтың пьесасынан үзінді көрініс "Баянды бағым-сенің арқаң қазағым" атты көрініспен басталды. Іс-шара барысында аудан әкімі Б.Нарбаев және аудандық этномәдени орталық жетекшілері барша Сарысулықтарды бүгінгі мерекемен құттықтап алғысын білдірді. Іс шара аудандық мәдениет үйі және және этномәдени орталықтарының бірлесе ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен жалғасты. Мың бұрылған «Айжанқыз» халықтық би ұжымының ҚАРАЖОРҒА биімен көпшілікті баурады.Аудандық мәдениет үйінің қарамағынан құралған «Талант» көркем сурет студиясы, және өнер мектептерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында қазақ, неміс, қырғыз, өзбек, кәріс, күрді, славян этномәдени орталықтарының тарапынан әр түрлі ұлттық тағамдардан құралған мерекелік дастархан тарту етті.






