«ЖАСТАР ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ»
САРЫСУ ауданы аудандық мәдениет үйіне қарасты ДОСБОЛ ауылдық клубы, кітапхана қызметкері, ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ инспекторы Б.ҚЫСТАУБАЕВ ДОСБОЛ орта мектебінің оқушыларымен бірлесе отырып «ЖАСТАР ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ» атты дөңгелек үстел өткізді.Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.
Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.