Бүгін:
kz ru

«Латын әліпбейін үйренейік»

 САРЫСУ ауданы АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНЕ қарасты ӘШІР БҮРКІТБАЕВ ауылдық клубы және ТҮРКІСТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ орналасқан білім ордасы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушылары мен бірлесе отырып «Латын әліпбейін үйренейік» атты дөңгелек үстел өткізілді.

МАҚСАТЫ: Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу. Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыру қажет.

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.

Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында МӘДЕНИЕТ САЛАСЫДА  өз үлестерін қосып жастармен бірге іс-шаралар ұйымдастырылуда.

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз