Бүгін:

«ТІЛ БІРЛІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ»

Сарысу ауданы  ДОСБОЛ ауылдық клубы, білім  ордасы ДОСБОЛ орта мектебі және КІТАПХАНА  ұжымының бірлесе ұйымдастыруымен  Досбол орта мектебінің оқушыларының  белсене ат салысуымен ТІЛ мерекесіне орай «ТІЛ БІРЛІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: Оқушыларға  тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы екенін, ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екендігін, танымдық деңгейін көтеру. Оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге тәрбиелеу. Мемлекеттік тіліне деген қызығушылығын арттыру. Ана тілі - адамның жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі халық тарихының барлық кезеңдерін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізетін асыл қазына.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.


Клуб меңгеруші.Үсенова Жанар

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз