Бүгін:
kz ru

ЕРТЕГІ ""САНАЙ БІЛЕТІН ЛАҚ""

[spoiler]

Сарысу ауданы, аудандық мәдениет үйі «САРЫСУ» халықтық театірінің  ұйымдастыруымен  «Санай білетін лақ» атты ертегісін көпшілікке ұсынды. Қазіргі таңда ауылдық окргутерінде осы ертегі қойылымен  гастрольдық  іс сапарға шықты. Ең лағашқы болып,  бұл ертегіні  ЖАЙЫЛМА, МАЯТАС ауылының кішкентай көрермендері көріп үлкен  әсерде қалғаныны және де сол ертегінің бірден-бір кейіпкері болып ертегі әлеміне шомылды.

Ертегінің  мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-, әдеби қазына, ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау.

Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің көрсету,айтылу жағдайына да байланысты. Ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады.Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеологиялық та қызмет атқарады.














 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз