«АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ МҰРА»
Сарысу ауданы аудандық мәдениет үйіне қарасты САУДАКЕНТ ауылдық мәдениет үйі «АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ МҰРА» атты ӘЙТЕКЕ БИ БАЙБЕКҰЛЫНЫҢ 375 жылдығына орай әдеби-сазды кеш ұйымдастырды
Әйтеке би Байбекұлы - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты « Синесоф буа» (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілқайырға ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жаңатөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан. Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбисінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейінЖалаңтөс салдырған әйгілі «Тіллә-кари» (Алтынмен апталған), «Шердор» (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтежесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріпшыққан.
Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Биді халық «Айыр тілді Әйтеке» деп атаған.





