"ЕР ЕСІМІ-ЕЛ ЕСІНДЕ"
САРЫСУ ауданы Аудандық мәдениет үйіне қарасты Жайылма ауылдық клубының ұйымдастыруымен кітапхананың оқу залында:
«Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден» деп жырлап өткен Мұқағали Мақатаевтқа арналған шығармашылық кеш өткізілді.
Мақсаты: Ақынның шығармашылығын, өмірін жастарға түсіндіріп
елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірімен өзектес жырларының құдыретін сезіну, өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі маңызын, тіл шұрайын
таныту, үлгі алу.
Клуб жетекшісі:Беллев Самат.