«Тұғыры биік, Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік концерт.
Сарысу ауданы аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Рыспанов Ғалымжан Байтуғанұлы және аудандық мәдениет үйінің директоры Сманқұлова Жұмакүл Якудақызы бастамасымен аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының «Тұғыры биік, Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік концерт өтті.
Бұл меркелік кештің негізге мақсаты: Тәуелсіздік алғалы ғасырлар бойы азатықты аңсаған халқымыздың өшкені жанып, ең асқақ араманының орындалуы. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен халқымыз егеменді ел болған жылдарда елдік пен ерлікті әлемге паш етті.
Осыған орай, Сарысу ауданы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары шалғай өңірінде орналасқан елді мекендерді аралап, өздерінің Елге, Отанға деген сүйіспеншілігін жүректен шыққан ән арқылы, ауыл тұрғындарына жеткізді.
Шу бойы ән мен күйге бөленді. Шалқар шабыт, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған өнерпаздарға ауыл тұрғандары өз ризашылық сезімдерін білдіріп, жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі.