І - Облыстық "Талас толқындары-2019"
САРЫСУ АУДАНЫ ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНДА АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ І - Облыстық "Талас толқындары-2019" музыкалық өнер фестивалі аясында Ы.ДҮКЕНҰЛЫ атындағы облыстық "ЖЕЗ КИІК" қобызшылар байқауының іріктеуі өтті.
Бұл байқаудың өткізудегі мақсаты ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру", "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ"атты мақалаларын ілгерлету, күйші ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫНЫҢ күйлерін кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, қобыз аспаптарын меңгерудегі кәсіби шеберліктерінің өсуіне ықпал жасау, оларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Байқауды сын таразысынан өткізіп,бағасын берген қазылар алқасы болып ХАЛЫҚАРАЛЫҚ конкурстардың лауреаты қазылар алқасының төрайымы САЛТАНБЕКОВА БАЛНҰР БАҒАДІЛҚЫЗЫ, Сарысу ауданы Жаңатас қаласының Балалар өнер мектебінің қобыз -прима сыныбының мұғалімі ЖҮНІСБЕКОВА АҚБӨПЕ ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ қатысты. Байқау екі кезең бойынша өткізілді.
1-кезеңі: Ы.Дүкенұлының бір күйін орындау
2-кезеңі : Еркін тақырыпта бір күй орындау.
Облысқа үш үміткеріміз жолдама алды!!!
Сарысу ауданынан төрт үміткер қатысты соның ішінен үш үміткеріміз облысқа жолдама алды.
1)Мизамбаева Айнұр Марқашқызы Игілік өнер мектебінің мұғалімі
2)Көрғұлы Нұрсұлтан Қуанышұлы Аудандық мәдениет үйінің қызметкері
3) Меирбекова Жанар Әбілбекқызы Жаңатас балалар өнер мектебінің қобыз -прима сыныбының мұғалімі
4)Балтабаев Алмаз Жарасұлы Аудандық мәдениет үйінің қызметкері







