Бүгін:
kz ru

«Тәртіп- тәрбие бастауы»

 «Тәртіп- тәрбие бастауы» -атты                                                                                    тақырыптық кеш.

Сарысу ауданы аудандық мәдениет үйіне қарасты САУДАКЕНТ ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  «Тәртіп- тәрбие бастауы» -атты  тақырыптық кеш өткізді.Іс-шараға  аймақтық учаскелік инспектор Мұсаев Руслан және Саудакент мәдениет үйінің директоры                Жақсыпейілов Ғазиз Әлібасұлына қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру.       

 Қай заманда болса да адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірі- есті де еңбексүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеу. Әр халық өз ұрпағының  адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ер-жүрек, ізгі ниетті, ар-ожданды болып өсуін қалайды. Бұл мәселені  өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп отырған. Ол үшін ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, сыннан өткен салт-дәстүрлерді педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде қолданып келді. Қай ұлттың болса да халықтық педагогикасына үңілсең, осыны көресің. Қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан жиып терген мол тәжірибесі, заңдылықтары бар халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, оның бойына сіңіріп отырады.

 



 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз