Бүгін:
kz ru

«Дін мұраты-ынтымақ пен бірлік» атты дөңгелек үстел

         «Дін мұраты-ынтымақ пен бірлік» атты  дөңгелек үстел  

 

Сарысу ауданы аудандық  мәдениет үйіне қарасты САУДАКЕНТ ауылдық мәдениет үінде  «Дін мұраты-ынтымақ пен бірлік» атты  дөңгелек үстел  басындағы әңгіме-сұхбат кеші өткізілді. «Бүгінгі ұрпақ  әлемдегі ең ізгі дін — ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады. Мұндай ұлттың табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек» - дегенЕлбасымыздың  сөзімен басталды.

Жалпы бұл іс-шараныі негізгі мақсаты: Жастардың бойында  инабаттылық түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы жаңалықтармен танысу. Мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой — өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата — салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі — өнеге алуға баулу.

Бұл кешке мектеп оқушылары мен ауыл жастары,  және Саудакент ауылының Майлыбаймешітінің  бас имамы  Кәрімбеков  Ғабит қатысты. Жастар арасында көптеген сұрақтар қойылып оқушылар ой-пікірлерін ортаға салды.

Халқымыз жан — жақты адамды «Сегіз қырлы бір сырлы»,- дейді. Адамның сегіз қырының бірі — оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі. Міне, сол себепті бүгінде өткізілгелі отырған кештің  мақсаты да осы еді. Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып,, санасына құю — бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті. Қазіргі кезде ата — анасын қарттар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп, жүрген алаяқтар, маскүнем, ұрылардың көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын. Сондықтан да осындай іс-шаралар  жастардың  бойына ізгі қасиеттерін сіңіру үшін, өзін мұсылман деп тануға ұлтының озық дәстүрін, әдет — ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне игі әсер етеді деп сенеміз.






 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз