Бүгін:
kz ru

КЕҢШІЛЕР КҮНІ

 КЕҢШІЛЕР КҮНІ

Қазақстанның әрбір азаматы тәуелсіздік алған 1991 жылғы 16 желтоқсанды ерекше еске алады. Тәуелсіздігімізге жиырма жеті жыл өтті. Бұл бүкіл Қазақстан тойлайтын басты оқиға. Біздің Отанымыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы» деген болатын. Шындығында, бұл мереке ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ынтасы мен достығының нәтижесі. Бұл мерекені кеншілер қауымы да кең көлемде тойлады

Сарысу ауданы  Жаңатас қаласында АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Жаса мәңгі,Тәуелсіз Қазақстан!» атты «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені кеншілерінің басын қосқан салтанатты жиын өтті.

Тәуелсіздіктің бағы баянды болуына сарысулық кеншілердің де қосқан үлесі сүбелі.«Қаратау», «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені және теміржол көлік кешенінің еңбеккерлері де бұл мерекені өздерінің орасан зор еңбектерімен қарсы алып отыр. Үстіміздегі жылы қос мерекені қатар тойлап отырған кеншілер қауымы салтанатты жиынға көптеп жиналды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және «Қаратау», «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешенінің құрылғанына 72 жыл толуына арналған мерекелік жиында «Қаратау», «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Мұратқали Бақыткерейұлы Сәрсенов құттықтау сөз сөйледі.

Мерекелік жиын Өзбекстан Республикасының және Қарақалпақстан елінің халық әртісі, эстрада жұлдызы Юлдуз Усманованың концертімен жалғасты.

Кеншілер қауымы әншінің орындауындағы қазақ, орыс, өзбек тілдерінде орындаған әндерін тыңдап, ерекше ықыласпен қошемет көрсетті.

Ат арытып келген әншіге кешен басшысы көрермендер атынан алғысын білдіріп, мерекелік сый-сияпат жасап, «Ықылас» гүлін тарту етті.

 
 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз