Бүгін:
kz ru

«Жырлаймын, Тәуелсіз елімді»

«Жырлаймын, Тәуелсіз елімді» 

Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жырлаймын, Тәуелсіз елімді» атты аудандық жас ақындар жыр мүшәйрасы өтті. Жарысқа 11 жас ақындар қатысып, тәуелсіздікке арналған жырларын оқыды. Нәтижесінде бас жүлдені Абай атындағы орта мектебінің оқушысы Совет Айгерім қанжығасына байлады. Жаңаталап орта мектебінің оқушысы Аружан Тұрғанбаева 1-орынды, Қызылдихан орта мектебінің оқушысы Қырмызы Әубәкір 2- орынды, № 5 Жаңатас колледжінің білімгері Әлімжан Бақытжанұлы 3-орынды иеленді. Ал, ерекше ынталандыру сыйлығын № 5 Жаңатас колледжінің білімгері Жандарбек Ашеров жеңіп алды.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.








 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз