Бүгін:
kz ru

""ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ""

Сарысу ауданы аудандық мәдениет үйіне қарасты ИГІЛІК ауылдық клубында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына арналған Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында жиын өтті. Игілік ауылдық клубында өткен кездесуге ауыл тұрғындарымен қатар партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Құлыбеков, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Құдайберлі Әбілов, аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мыңжасар Аймағамбетов және аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Жасұлан Бегулиев қатысты. Кездесуді ауылдық округ әкімі Айбол Бердібаев ашып, жүргізіп отырды. Кездесу барысында партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Құлыбеков Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерге кеңінен тоқталды. Жиын барысында ауыл қариялары Қойшыбай Жүсіпалиев, Зауал-Махан Абзалбеков, Түлкібай Әжіков, Рыстан Жанбековтер өз ойларын ортаға салып, Елбасы Жолдауын толығымен қолдайтындықтарын жеткізді. Сонымен бірге кездесу барысында қойылған сұрақтарға топ мүшелері тарапынан ұтымды жауаптар берілді.

 
 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз